Жұмыс уақыты
с 8-17:00
Алматы қ.
Папанин, 220
+7 (727) 300-36-04

Травматология және ортопедия

№ 4 Қалалық клиникалық аурухана бұл травматологиялық және ортопедиялық қызметке баса назар аударатын көп салалы клиника. Ауруханада политравма, ортопедиялық хирургия, эндопротездеу, асқынған жарақат және сүйек-іріңді хирургия бөлімшелері, күйік бөлімшесі және т.б. жұмыс істейді.

Пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін инновациялық шешімдерді енгізеді. 1 және 2 қарашада №4 ҚКА базасында Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің «Р.Р. Вреден атындағы травматология және ортопедия Ұлттық медициналық зерттеу орталығы» Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігері Александр Викторович Каземирскийдің (Санкт-Петербург қ.) қатысуымен мастер-класс өтті.

Бірінші күні клиникалық жағдайлар мен нәтижелер талқыланды. Екінші күн тәжірибелік іс жүзінде өтті.

Алматы
Папанин, 220
+7 (727) 300-36-04 Қоңырауды сұрау