Жұмыс уақыты
с 8-17:00
Алматы қ.
Папанин, 220
+7 (727) 300-36-04

Ата Заң күніне орай

№4 қалалық клиникалық ауруханада Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында салтанатты жиын өтті.

Ата Заң – мемлекет Тәуелсіздігінің нышаны, халқымыздың ұлттық мұрасы мен мақтанышының ажырамас бөлігі.

Салтанатты шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды.

Аурухана бас дәрігері Біржан Досмаилов құттықтау сөзінде мерекенің маңыздыдығына тоқталды.

«Қазақстан Республикасының Конституция күні құтты болсын! Ата Заң азаматтарымыздың мүддесіне қызмет етіп, елімізді одан әрі дамытуға септігін тигізе берсін. Жылдан жылға біздің басты құндылығымыз – Тәуелсіздігіміз бен Бірлігіміз нығая берсін!

Әр шаңыраққа зор денсаулық, құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», – деді аурухананың бас дәрігері Біржан Досмаилов.

Балалар алдында Біржан Серікбекұлы сөз сөйледі:

«Балалар, сендерді алда келе жатқан Білім күнімен және оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Алғаш рет мектепке бару – ерекше де маңызды сәт, сондықтан біздің сендерге даярлаған сыйлығымыз бар! Сабақты жақсы оқыңдар, еліміздің білікті азаматтары болыңдар!».

Алматы
Папанин, 220
+7 (727) 300-36-04 Қоңырауды сұрау