№4 Қалалық клиникалық ауруханасы тағы бір заманауи қондырғымен толықты. МСКТ – Hitachi Supria 128 кесінді Мультиспиралды компьютерлік томогораф қондырғысы орнатылып, жұмысын бастады.
Өндірушісі: Hitachi, Жапония.
Hitachi Supria 128 кесінді компьютерлік томографтары – науқасты осы құрылғыға түсіріп тексеру жүргізудің басым көпшілігі үшін оңтайлы таңдау болып табылады. Сондай-ақ, айта кететін жайт 128 кесінді томографтың артықшылығы-атеросклеротикалық түйіндері (бляшкалары) бар науқастардың тамыр өткізгіштігін зерттеп тексеру үшін жүрек пен коронарлық артерияларды сканерлеуге аз уақыт кетеді.
Мысалға 16 кесінді аппаратта бір анатомиялық аймақты сканерлеу уақыты 12-ден 35 секундқа дейін созылады, ал 128-кесіндіде 8 есе жылдам сканерлейді.
Суреттің жоғары сапасымен, сенімді зерттеу нәтижелерімен, минималды сәулелік жүктемемен, жеңіл және ымырасыз ыңғайлықпен қамтамасыз етеді.
Алматы қаласы бойынша бәсекелестік жағынан ыңғайлы бағаларды Біздің клиникада табасыз.
Біздің дәрігерлердің қолында тамырлардағы өзгерістерді бағалауға мүмкіндік беретін Bayer компаниясының инжекторы бар-компьютерлік томографиялық ангиография (КТ, КТ-ангиографиясы) – бұл қан тамырларының анатомиялық жай-күйін зерттеуге, патологиялық өзгерістерді анықтауға және қан ағымының сипатын бағалауға мүмкіндік беретін диагностиканың заманауи және жоғары технологиялық әдіс болып табылады.
Консультациялық-диагностикалық орталықтың 300-46-42 телефоны арқылы жазылуға болады.